Get Adobe Flash player
Облыс әкімі ресми сайты
Мазмұны
Cауалнама
Қала (аудан) әкімінің аппараты қай салаға тиісті назар аудармай келеді?
 
Іздеу
Ауа райы
Валюта бағамдары
Официальные курсы валют в РК
Статистика

«МұнайСервис ЛТД» мекемесі тұрақты түрде бұрғылау мен күрделі жөндеу жұмысын атқарып келеді. Бригадада өз ісін білетін мамандар көп. Міне, осы мекеменің М.Қуанбаев басқаратын бригадасы Қара-Арна, Көкарна мұнай алаңдарында еселі еңбек етуде.

Олар биыл Қара-Арнада №140 ұңғыны құралдаған болатын. Кәнігі бұрғышылар жұмыс технологиясын қатаң сақтауда. Мұнда еңбек тәртібі – бірінші кезекте.

Ал Көкарнадағы №35 ұңғыда жұмыс күн санап, қыза түсуде. Бұл ұңғының белгіленген жобасы – 2700 метр. Күні бүгін бұрғышылар 1150 метр тереңдікке жетті. Енді олар осы арадан ұңғыға колонна жіберуде.

Сондай-ақ, осы алаңдарда күрделі жөндеу жұмыстарында да кідіріс жоқ. Қазіргі таңда Қара-Арна алаңында екі бірдей ұңғыларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ең басты міндет – бойына құйылған суды тежеу. Мұнымен қатар Айранкөл алаңында да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.  

Мекеме жыл он екі ай тоқтаусыз қызмет жасауда. Ал бұл өндіріс үшін өте тиімді екені сөзсіз.