Get Adobe Flash player
Облыс әкімі ресми сайты
Мазмұны
Cауалнама
Қала (аудан) әкімінің аппараты қай салаға тиісті назар аудармай келеді?
 
Іздеу
Ауа райы
Валюта бағамдары
Официальные курсы валют в РК
Статистика

 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі аудандық учаскелік комиссия мәжілісі болып өтті. Онда комиссия төрағасы С.Қамидолла Құлсары қаласындағы аталған көмекті алушылардың өтініштерімен таныстырды. Күні бүгін Құлсары қаласы бойынша 15 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр, оның 13-і жеті жасқа дейінгі бала күтімімен отырған жалғыз басты аналар. Өзін-өзі қамтитындар жоқ.

Биылғы жылы жеті айда 22 отбасындағы 91 адамға 1 млн. 364 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді, ол аудан халқының 0,1 пайызын құрайды.

Бөлім арқылы әлеуметтік төлем алушылар санатынан 172 адамның жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ екендігі анықталып, күні бүгін халыққа қызмет көрсету орталығына 150 адам тиісті құжаттарын тапсырды. Бұл бағытта жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.