Get Adobe Flash player
Облыс әкімі ресми сайты
Мазмұны
Cауалнама
Қала (аудан) әкімінің аппараты қай салаға тиісті назар аудармай келеді?
 
Іздеу
Ауа райы
Валюта бағамдары
Официальные курсы валют в РК
Статистика

Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде жас суретші Ғазиза Акимниязованың «Арман» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды.

Мақсаты: өнер сүйер жұртшылыққа жас суретшінің шығармашылық жұмыстарын таныстыру және кеңінен насихаттау. Көрмеге 26 майлы бояумен салынған суреттері, 8 графикалық, 4 ағашқа салынған туындылары қойылды.

Ғазиза Акимниязова Сатбайқызы 1986 жылы 20 қаңтарда Өзбекстан Республикасы, Хожелі қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Атырау облысы, Алғабас ауылына көшіп келген. Ой - өрісі биік ғазиза сурет салғанда әр құбылысты, әр бейнені, өз көзқарасынан өткізуге тырысады. Бірнеше жұмысын табиғат бейнесінде, әртүрлі қырынан салған. Суретші жұмысы өзіндік ерекшелігімен, өзіне тән таныс дәстүрімен өзгешеленеді.

Көрмеге Акимниязова Ғазизаның творчестволық кешіне шақырылған қонақтар, АГУ мүғалімдері, суретшілер, ақпарат құралдары қызметкерлері, бейнелеу студиясының оқушылары, мәдениет қызметкерлері қатысты.