Ресейлік профессор-оқытушылар дәріс беруде
Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында облыстық білім беру басқармасы және Ресей Федерациясы Новосібір Мемлекеттік университетінің Мамандандырылған оқу-практикалық орталығымен ұйымдастырылған 4 Жазғы физикалық-математикалық мектебі бір ай бойы жұмыс жасауда.
Бұл мектепте дәріс беретін - Новосібір Мемлекеттік университетінің Мамандандырылған оқу-практикалық орталығының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері.
Бүгінгі күні 80-нен астам оқушы Атырау қаласы мен аудандар, сондай-ақ облыстық мектептер оқушылары жазғы мектепте жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім тереңдетіп ғана қоймай, әр түрлі викторина, сайыстарға қатысып, алған білімдерін қорытынды олимпиадада барысында көрсете алады. Қорытынды олимпиада нәтижесінде облыстың 37 оқушысы 28 шілде - 28 тамыз аралығында Новосібір қаласына барып Мемлекеттік университеттің Мамандандырылған оқу-практикалық орталығы жанындағы жазғы лагерінде демалады.








