Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы Далбаев Қанабек Мұңалұлының қысқаша өмірбаяны
Далбаев Қанабек Мұңалұлы 1954 жылы туылған. Атырау педагогикалық институтын 1980 жылы орыс тілі және әдебиеті, тәрбие жұмысы жөніндегі методист мамандығы бойынша бітірген.
Алғаш еңбек жолын ұңғыларды күрделі жөндеу мекемесінде жұмысшы болып бастаған.
1972-1974 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында болып, 1980-1981 жылдары Құлсары поселкесіндегі Гагарин атындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. 1981-1985 жылдары аралығында Ембі аудандық советі атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, 1985-1988 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, 1988-1991 жылдары аудандық кәсіподақ Кеңесінің хатшысы, 1991-1999 жылдар аудандық әкімшіліктің тұрғын үй бөлімінің, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
1999 жылдың 15 наурызынан бастап Жылыой ауданы әкімі аппаратаның басшысы болып тағайындалды.
Басқаратын саласы
Аппарат бөлімдері қызметін және аудан әкімі қызметін қамтамасыз ететін қызметтерінің жұмысын ұйлестіру.
Поселке және селолық әкімдері аппараттарының, бөлімдердің қызметін үйлестіру. Әкім аппаратының ұйымдастыру және кадрлар жұмыс, кеңсе, мемлекеттік – құқықтық, қаржылық шаруашылық бөлімдері жұмыстарына басшылық жасау. Мемлекеттік қызмет кадрларын дайындау және білімін жетілдіру мәселелері. Кадрлар жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және ұсыныс беру.
Жергілікті жерде Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудандық әкімият қаулыларының орындалуына, аудандық әкімият мәжілістерінің дайындалуы мен өткізілуіне бақылау жасауды ұйымдастыру.
Аудандық бөлімдердің бірлескен ұйымдастыру шараларын өткізудегі, семинарлар, мәжілістер, конференцияларды өткізу және жергілікті атқарушы органның материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру.
Аудан әкім аппаратының аудандық маслихатпен, облыстық, аудандық сайлау комиссияларымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
| Аты-жөні | Лауазымы | Мекен-жайы | Қабылдау күндері | Қызметті телефоны |
Далбаев Қанабек Мұңалұлы | Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы | Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы-26 Аудан әкімі аппараты ғимараты | әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 16.00-ден бастап | 8 (237) 5-13-52 |
Аудан әкімі аппаратының бөлімдері туралы мәлімет
| № | Аты-жөні, тегі | Лауазымы | телефоны |
| Мемлекеттік-құқықтық бөлім | |||
| 1 | Ысмағұлов Ернар Құтқожаұлы | Бөлім меңгерушісі | 5-11-90 |
| 2 | Борамбаева Қамажай Қайырқызы | Бас маман | 5-16-85 |
| 3 | Құсайынов Қанат Үмбетқалиұлы | Бас маман-төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі штаб бастығы | 5-18-60 |
| Ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімі | |||
| 1 | Отарбаева Гүлназ Аманжанқызы | Бөлім меңгерушісі | 5-15-54 |
| 2 | Мирманова Гүлсім Бақтиярқызы | Бас маман | 5-19-17 |
| 3 | Аппасова Жұмажан Бағытқызы | Бас маман | 5-11-53 |
| Кеңсе | |||
| 1 | Жанаева Шолпан Бижанқызы | Кеңсе меңгерушісі | 5-19-83 |
| 2 | Балғымбаева Динара Серікқызы | Бас маман | 5-17-22 |
| 3 | Ибраев Мұрат Оразұлы | Бас маман | 5-15-09 |
| Қаржы-шаруашылық бөлімі | |||
| 1 | Жақашева Айтжан Кенжетайқызы | Бөлім меңгерушісі | 5-19-41 |
| 2 | Биманова Шолпан Ысмағұлқызы | Бас маман | 5-15-90 |
| 3 | Нұрғазиева Гүлмира Мұхамбетжанқызы | Бас маман | 5-12-98 |
| Теңіз кенішіндегі мекемелермен байланыс бөлімі | |||
| 1 | Ерболов Сәрсен Амантұрлыұлы | Бөлім меңгерушісі | 7-20-78 8/712303/ 37-37 |
| 2 | Жакупова Салима Юсупқызы | Бас маман | 7-20-78 |








